06.10.2026
Просмотров: 29
«АДАЛ АЗАМАТ» тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында әлеуметтік педагог С.Е. Касымова 10 «А» сынып оқушылары арасында «Заң және еңбек: өмір жолындағы жауапкершілік» тақырыбында интерактивті ойын өткізді. Ойын барысында оқушылар жұмысқа орналасу, мамандық таңдау, жалақы, кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтары мен міндеттеріне байланысты түрлі өмірлік жағдаяттарды қарастырды.