Меню KDT

Ата-аналарға арналған

«БІРІНШІ ҚАЛАЛЫҚ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН IT-ЛИЦЕЙІ» КММ

Құрметті ата-аналар, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 21-тармақшасына сәйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің мынадай санаттарына:
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға;
3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балалар;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
5) білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына (бұдан әрі-білім алушылар мен тәрбиеленушілер) қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау және есепке алу тәртібі айқындалатынын хабарлаймыз.

Осыған байланысты, Сізден тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын дайындауды және оны 2023 жылғы 14 тамызға дейін Жамбыл көшесі, 196 үй, 107 кабинет, лицейдің бас корпусының қабылдау бөлмесіне ұсынуды сұраймыз. Құжаттарды тапсырған кезде whatsapp-қа 8 705 101 78 79 телефоны бойынша (баланың тегі мен сыныбын көрсетіп) хабарлама жазыңыз.

Санаттар бойынша құжаттар тізбесі жадынамада қоса беріледі.

Әр балаға жеке толық құжаттар пакеті ұсынылады Ата-аналарға бірыңғай жәрдемақы беру бойынша мектептерге арналған жадынама.

Бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпарат 

2018 жылға қаржыландыру 231162,9 мың теңгені құрайды. 2018 жылғы 01.09.жағдай бойынша 149288,2 мың теңге жұмсалды:

еңбекақы – 124428,5

тауарларды сатып алу – 1080,2

коммуналдық қызметтер – 5703,8

үй-жайларды жалға алу – 3780,0

басқа қызметтерге ақы төлеу – 1558,0

жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қорының шығындары – 681,4

іссапар шығындарын төлеу – 148,0

салық аударымдары – 11908,3.

 

Бюджет қаражатын жұмсау 2018 жылға арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

                                                                    Лицей директоры  О.Н.Новикова

Қысқы кезеңде «Петропавл қаласының білім бөлімі» ММ ұйымдарында оқу сабақтарын тоқтату туралы
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Заңының 4-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабының 1-тармағына және «СҚО Білім басқармасы» ММ басшысының 2015 ж. 05.11. № 856 бұйрығына сәйкес оқу жылының қысқы кезеңінде білім алушылардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:

   «Петропавл қаласының білім бөлімі» ММ оқу ұйымдарындағы сабақтар желдің жылдамдығын ескере отырып, келесі температуралық шектерде тоқтатылсын:

1-4 сынып оқушылары үшін -25°С және одан төмен температурада секундына 2 метр (бұдан әрі м/с) және одан жоғары жылдамдықпен жел кезінде;

1-9 сынып оқушылары үшін -27°С және одан төмен температурада желде 2 м/с және одан жоғары жылдамдықта;

1-11 сынып оқушылары үшін -30°С және одан төмен температурада желде 2 м/с және одан жоғары жылдамдықта;

Желдің жылдамдығы 2 м/с аспайтын жағдайда температура шегі -5°С-қа артады.

 

Бөлім басшысы Г. Каримова

 
Хабарландыру!
Құрметті ата-аналар,
тұмауға қарсы вакцина алынды.
Баласына тұмауға қарсы екпе салғысы келетіндер
медициналық кабинетке келіңіздер.

4.10.2016

Медицина қызметкері

 

Бірінші лицей оқушыларына арналған мектеп формасы туралы ереже


 

Опрос

Статистика

  • Осы айда55
  • Осы аптада9
  • Кеше1
  • Бүгін2
  • Желіде:0

Полезные ссылки